
Қарағанды облысының полицейлері мотоцикл ұрлығын ашты.
Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының тұрғынына тиесілі мотоциклді ұрлаған күдікті анықталды. Оқиға өткен жылдың күзінде орын алған. Белгісіз біреу 38 жастағы азаматтың мотоциклін далада тұрған жерінен айдап кеткен. Жәбірленуші төрт ай өткен соң ғана полицияға жүгініп, келтірілген шығын 700 мың теңгені құрады. Жедел іздестіру шаралары барысында Ғ.Мұстафин кентіндегі полиция бөлімінің қызметкерлері мотоциклді тауып, иесіне қайтарды.
Аталған қылмысқа қатысы бар күдікті Теміртау қаласының 26 жастағы тұрғыны болып шықты. Қазіргі уақытта оған қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.