Теміртау тұрғыны жануарларға қатыгездік көрсеткені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды
Қарағанды облысы Теміртау қ. ПБ- на қарасты Ескіқалалық полиция бөлімінің қызметкерлері үй жануарына қатыгездік көрсеткені үшін 46 жастағы ер адамды ұстады. Күдікті бесінші қабатта орналасқан пәтердің терезесінен итін аулаға лақтырып жіберген. Нәтижесінде жануар жарақат алған.
Оқиға бірнеше куәгерлердің көз алдында болған. Кейін олар бұл құқық бұзушылық бойынша оқиға орынына тәртіп сақшыларын шақырған. Ал куәгерлердің бірі итті ветеринарлық емханаға дер кезінде жеткізген. Ит иесі масаң күйінде екені белгілі болды. Күдікті кінәсін мойындады. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.