Қарағандыда сауда үйінің қызметкерінен ұялы телефон ұрлаған күдікті ұсталды

Қарағандыда сауда үйінің қызметкерінен ұялы телефон ұрлаған күдікті ұсталды

Қарағандыда сауда үйінің қызметкерінен ұялы телефон ұрлаған күдікті ұсталды. Қарағанды қалалық Полиция басқармасы, Киров полиция бөлімінің қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен 35 жастағы азаматты ұстады. Күдікті сауда үйлерінің біріне сатып алушы ретінде кіріп, сол жерде жұмыс істейтін 27 жастағы сатушының ұялы телефонын ұрлап кеткен. Жәбірленуші тәртіп сақшыларына бірер минут басқа жұмыстармен айналысып жатқанда белгісіз біреу ұялы телефонын ұрлап кеткенін түсіндірді. Оған келтірілген шығын көлемі 380 мың теңгені құрады. Тәртіп сақшылары күдіктінің жеке басын сауда үйінде орналасқан бейнебақылау камералары арқылы анықтап, оны қолға түсірді. Ұсталған азамат жасаған қылмысы туралы мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ зат тәркіленді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу әрекеттері жүргізілуде.