Қарағандыда дәмхана қызметкері демалушының банк картасын ұрлап алып, одан ақшасын шешіп алған

Қарағандыда дәмхана қызметкері демалушының банк картасын ұрлап алып, одан ақшасын шешіп алған

Қарағандыда дәмхана қызметкері демалушының банк картасын ұрлап алып, одан ақшасын шешіп алған. Қарағанды қалалық Полиция басқармасы Михайлов полиция бөлімінің қызметкерлері ұрлықпен айналысты деген күдікпен 40 жастағы дәмхана қызметкерін ұстады. Ұсталған азаматша жұмыс барысында оңтайлы сәтті пайдаланып, дәмханаға келген азаматтың банк картасын ұрлап алып, одан 100 мың теңге ақша шешіп алғаны белгілі болды. Күдікті қылмыс жасағаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Айғақ зат тәркіленді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу әрекеттері жүргізілуде