Қарағанды облысында бір түн ішінде қала аралық бағытта жүретін 67 қоғамдық көлік жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Қарағанды облысында бір түн ішінде қала аралық бағытта жүретін 67 қоғамдық көлік жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Қарағанды облысында бір түн ішінде қала аралық бағытта жүретін 67 қоғамдық көлік жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қарағанды облысының аумағында қоғамдық көлік жүргізушілерінің тарапынан жол жүру ережесін бұзудың алдын алу, адам тасымалдайтын көліктердің белгіленген талаптарға сай болуын қадағалау мақсатында «Автобус» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Аталған іс-шараға облыстық Полиция департаменті патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жұмылдырылып, олар жұмыс атқарудың күшейтілген режимінде жұмыс жүргізуде. Өткен түнде олар республикалық маңызы бар «Алматы-Екатеринбург» тас жолында қоғамдық көліктермен жеңіл көліктерді тоқтатып, олардың талаптарға сай болуын тексеріп, жол жүру ережелерін сақтау бойынша профилактикалық әңгімелер жүргізді.
-Бір түн ішінде, яғни шілденің 17-нен 18-не қараған түні полиция қызметкерлерімен 67 қоғамдық көліктің жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мәселен, тексеріс барысында полиция қызметкерлерімен қоғамдық көліктің техникалық байқаудан өтпеуі, жүргізушінің медициналық тексеруден өтпей, көліктің басқаруына отыруы, көліктің ішіндегі орындықтарды жатын орынға ауыстыру сияқты бұзушылықтар анықталды. Рейд барысында құқық бұзушылыққа жол берген 14 қоғамдық көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірі алынып, олардың жүргізушілеріне айыппұл салынды. Сонымен қатар рейд барысында түнделетіп жолға шыққан 1255 көлік тоқтатылып, олардың жүргізушілерімен жол жүру ережелерін сақтау бойынша әңгіме жүргізілді,-деді Қарағанды облыстық ПД патрульдік полиция батальонының командирі Бекзат Сәулембаев.
Мәселен, рейд барысында полиция қызметкерлерімен «Астана-Алматы» бағытындағы автобус тоқтатылды. Тексеріс барысында жүргізушінің қоғамдық көлікті басқару санаты болмаған, сонымен қатар қоғамдық көліктегі орындықтар жатын орынға заңсыз ауыстырылғаны анықталды. Көлікте 31 жолаушы болды. Тәртіп сақшылары 25 жолаушыны басқа қоғамдық көлікке отырғызып, қалған 5 жолаушыны жергілікті билік өкілдерінің көмегімен қонақ үйге орналастырды. Ал, қоғамдық көлік айып тұраққа қойылып, жүргізушіге айыппұл салынды