Қарағанды облысында үздік қызметкерлер марапатталды

Қарағанды облысында үздік қызметкерлер марапатталды

Қарағанды облысында үздік қызметкерлер марапатталды.
Отан қорғаушылар күнімен Ұлы Жеңіс мерекесі күніне орай Қарағанды облыстық Полиция департаментінде салтанатты іс-шара болып өтті. Мерекеге орай, қызметінде алдыңғы қатардан көрініп, үздік шыққандарды департамент бастығы, полиция полковнигі Негмет Исмагулов құттықтап, ішкі істер министрінің және департамент бастығының бұйрығымен марапаттады. -Баршаңызды Отан қорғаушылар күні және Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтаймын. Бұл қос мерекеде еліміз үшін маңызы зор. Осы айтулы күнмен сіздерді құттықтай отыра, еңбектеріңізге жеміс, еліміздің ертеңі үшін атқарып жатқан жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін,-деді полиция Н.Исмагулов.
Құттықтау сөзінен кейін, кадр саясаты басқармасы министрлікпен департамент бастығының бұйрығынан үзінді оқып, марапаттар табысталды. Департамент бастығының қолынан Ішкі істер министрінің бұйрығымен 3 қызметкер министрліктің құрмет грамотасын алса, министрліктің грамотасымен 7, «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен 5 қызметкер марапатталды. Сонымен қатар, 6 қызметкерге «Ішкі істер органдарының үздігі» кеуде белгісі беріліп, 7 қызметкер Ішкі істер министрлігінің алғыс хатымен, 7 қызметкерге алғыс жарияланса, бағы жанған 6 қызметкер уақытынан бұрын арнайы шендерге ие болды. Сондай-ақ, салтанатты іс-шара барысында полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Н.Исмагуловтың бұйрығымен 44 қызметкерге грамота, 36 тәртіп сақшысына алғыс хат берілсе, 30 қызметкерге алғыс жарияланды.
Сонымен бірге 13 ардагер ҚР ІІМ нышаны бар қол сағатымен марапатталды.