Қарағандылық тергеуші Абу-Дабидағы джиу-джитсуден Азия чемпионатында алтыннан алқа тақты

Қарағандылық тергеуші Абу-Дабидағы джиу-джитсуден Азия чемпионатында алтыннан алқа тақты

Абу-даби қаласында джиу-джитсуден өтіп жатқан Азия чемпионатында Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Оңтүстік-шығыс полиция бөлімі, тергеу бөлімшесінің тергеушісі Аян Әмзе алтын медальға ие болды. Спортпен осыдан алты жыл бұрын мектеп оқып жүргенде айналыса бастаған. Ал, Қазақстан Республикасы ІІМ Қарағанды академиясында оқып жүргенде джиу-джитсумен айналысып, жетістіктерге жете бастаған. Табандылықтың арқасында Аян әлем чемпионы болады деп үміттенеміз. Сәттілік тілейік