Қарағандыда полиция мен еріктілер арасында волейболдан достық турнирі өтті

Қарағандыда полиция мен еріктілер арасында волейболдан достық турнирі өтті

Қарағандыда полиция мен еріктілер арасында волейболдан достық турнирі өтті.
Қарағанды қалалық полиция қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Дені сау ұрпақ-дені сау ұлт: Барлығымыз есірткіге қарсымыз» ұранымен Әл-Фараби атындығы №102 мектеп гимназиясының мұғалімдері және Оңтүстік*шығыс полиция бөлімі мен "Равный-равному" еріктілерінен құралған командалар арасында волейболдан достық турнирі өтті.
Шараның басты мақсаты бүгінгі заманда жастар арасында есірткіге жол бермей, салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады. Бұндай іс-шаралар полиция қызметкерлерімен үнемі оқушылар және студенттер арасында өткізіліп тұрады. Іс-шараға келген командалар жарыстың көрікін қыздырып, өздерін үздіктер қатарынан көріну үшін барынша тартысты өнер көрсетті. Турнир соңында жеңімпаз командалар «Біз есірткіге қарсымыз» атты кубоктар және бағалы сыйлықтармен марапатталды