Алаяқ, өзін нашар сезінген әйелден "Банкоматқа барып, ақша аударыңыз" деп талап етті

Алаяқ, өзін нашар сезінген әйелден "Банкоматқа барып, ақша аударыңыз" деп талап етті

Алаяқ, өзін нашар сезінген әйелден "Банкоматқа барып, ақша аударыңыз" деп талап етті.
Алаяқтық деректері бойынша тұрғындарға бірнеше рет ескертулерге қарамастан, азаматтардың тарапынан олардың айтқанына сеніп, қомақты ақшаларын аудару деректері әлі де жалғасуда. Ал тәртіп сақшылары күн сайын алаяқтық фактілерінің жолын кесу мақсатында жұмыс атқаруда. Өткен сенбі күні 71 жастағы Қарағанды облысы, Абай ауданының тұрғыны ұялы телефонына түскен белгісіз қоңырауға жауап беремін деп алаяқтың арбауына түскен. «Банктің қауіпсіздік қызметінің» маманымын деп қоңырау соққан белгісіз біреу азаматшадан 3 миллион теңге несиесін жабуын талап еткен. Ондай ақшасының жоқ екенін айтқан азаматша олардың берген нұсқауымен облыс орталығына келіп, несие рәсімдеп, алаяқтарға жібермекші болған. Егде азаматшаға телефон соққандар облыс орталығына келу үшін такси жалдап берген. Жолай, азаматшаның күдік тудырған бөгде біреумен телефон арқылы әңгімесін естіген такси жүргізуші жергілікті жердің полиция қызметкерлеріне хабар берген. Кейін, такси жүргізушісі полиция қызметкерлерінің берген нұсқауымен жол шетіне тоқтаған. Сол кезде алаяқтар такси жүргізушісіне хабарласып, не себепті тоқтағанын сұраған. Жүргізуші бірден оларға бірнеше сылтау айтып, тәртіп сақшылары келгенше уақыт созған. Кейін, Абай аудандық полиция қызмектерлері сол көлікке отырып, зейнеткерге кімге ақша аударайын деп жатқанын түсіндірген. Такси жүргізушісі зейнеткер мен полиция қызметкерлерін алғашында банкке, кейін алаяқтар берген нұсқау бойынша «ақша аудару» үшін сауда үйіндегі терминалға апарған, бірақ ешқандай ақша аудармаған. Кейін сауда үйіне барғанда зейнеткер алаяқтарға сол жердегі терминалдың жұмыс істемей қалғанын және өзінің денсаулығы нашарлап кеткенін айтқан. Сол кезде алаяқтар зейнеткерге дауыс көтеріп, қорқыта бастаған. Алайда олар, осы жолы зейнеткерге полиция қызметкерлерінің көмек қолын сезбеген.