Қарағанды облысында үздік патрульдік полиция инспекторы анықталды

Қарағанды облысында үздік патрульдік полиция инспекторы анықталды

Қарағанды облысы Полиция департаментінде патрульдік полиция қызметкерлері арасында «Патрульдік қызметтің үздігі» номинациясы бойынша байқау өтті. Аталған іс-шараға саптық қызметтерден 12 тәртіп сақшысы қатысып, үздіктерді анықтау мақсатында өзара бақ сынасты.
Байқаудың өткізілуі 6 кезеңнен тұрды. Қатысушылар байқау барысында нормативтік-құқықтық актілерді білу, төтенше жағдай кезінде азаматтарға алғашқы медициналық көмек көрсету, қызметтік қарудан оқ ату, қоян-қолтық ұрыс әдістерін білу, сондай-ақ қатты жылдамдық кезінде автокөлікті тиісті деңгейде басқару бойынша кезеңдерден сынақ тапсырды. Күн ұзаққа созылған жарыс қорытындысы бойынща бірінші орынды Саран қалалық полиция бөлімі, патрульдік полиция взводының қызмет инспекторы Ұлан Молдабаев, екінші орынды Полиция департаменті патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторы Дәулет Рахимов және Абай аудандық полиция басқармасы патрульдік полиция взводының қызмет инспекторы Азамат Тастенұлы місе тұтты.
Жеңімпаздар Астанада өтетін ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ішкі істер органдары қызметкерлерінің кәсіби шеберліктерінің халықаралық байқау-конкурсында Қарағанды облысының намысын қорғайтын болады.