Қарағандылық полицейлер автокөлік айдап әкеткен азаматты ұстады.

Қарағандылық полицейлер автокөлік айдап әкеткен азаматты ұстады.

31 наурыз күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасы, патрульдік полиция полкінің қызмет инспекторлары А.Шабақбаевпен Д.Мырзамбеков өздеріне бекітілген Михайлов секторында қызмет атқаруда болған. Сағат 14.30 шамасында оларға сол аудандағы жанар-жағармай құйу станциясының аялдамасынан белгісіз біреу автокөлік айдап әкеткендігі туралы хабарлама түскен.
Оқиға орынына келген олар 38 жастағы жәбірленушіден автокөлігі туралы мәлімет алып, іске кірісті.
Жүргізілген кешенді жұмыстар барысында полиция қызметкерлері ізін суытпай ұрланған көлікті 35 жастағы күдіктінің басқаруында ұстады. Ол тергеу әрекеттерін жүргізу мақсатында тжедел-тергеу тобының қызметкерлеріне берілді.