Қазіргі таңда қоғам алдында нашақорлық мәселесі бірінші орында тұр десек те болады

Қазіргі таңда қоғам алдында  нашақорлық мәселесі бірінші орында тұр десек те болады

Қазіргі таңда қоғам алдында нашақорлық мәселесі бірінші орында тұр десек те болады.
Есірткі саудасын ұйымдастырушылар жасөспірімдерге жеңіл және ең бастысы қауіпсіз табыс табуға уәде береді. Өкінішке орай, тәжірибе көрсеткендей, «есірткі таратушы» ұзақ мерзімдер, қорланған тағдырлар мен орындалмаған армандарға әкеліп соғады.
Жасөспірімдер есірткімен кез келген манипуляцияға жол берілмейтінін білуі керек - бұл қылмыс. - Қарағанды қаласының тұрғындарына нашақорлыққа қарсы көрнекі үгіт-насихат жүргізу және кәмелетке толмағандар арасында салауатты өмір салтын белсенді насихаттау мақсатында Қарағанды қаласының 3-автопаркімен және Қарағанды полиция басқармасының есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімімен бірлесіп «Біз-Есірткіге қарсымыз!» акциясы өткізілді. Акция кезінде автобус “Есірткіге қарсымыз” мазмұнында плакат жабыстырылып қала көшелерінің маршрутымен жүрді. Сондай-ақ, «Тең – теңімен» жобасының еріктілерінің белсенді қатысуымен аялдамалар мен қалалық қоғамдық көліктерде есірткіге қарсы парақшалар тарату акциясы мен түсіндірме әңгіме өткізілді.