Қарағанды облысында "Түнгі қаладағы балалар" акциясы кезінде полицейлер 144 құқық бұзушылық анықталды

Қарағанды облысында "Түнгі қаладағы балалар" акциясы кезінде полицейлер 144 құқық бұзушылық анықталды

Қарағанды облысында "Түнгі қаладағы балалар" акциясы кезінде полицейлер 144 құқық бұзушылық анықталды. Қарағанды облысында өткен "Түнгі қаладағы балалар" акциясының мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу.
- Іс-шара қаңтардың 12-нен 14-ті аралығында өтті. 583 нысан бойынша тексеріс жүргізілді. Оның ішінде 12 саяжай, 69 ойын-сауық мекеме, 46 компьютерлік салон, 56 автожанармай құю бекеті және көлік жуу, 96 сауда орталығы тексерілді. Мүдделі ведомстволардың өкілдерімен бірлесіп, ювеналды полицияның есебінде тұрған жасөспірімдер және 244 қолайсыз отбасы тұрғылықты жері бойынша тексерілді, - деді облыстық Полиция департаменті жергілікті қызмет басқармасының бастығы Қайырбек Шәкенов. Полиция қызметкерлері барлығы 144 әкімшілік құқық бұзушылық анықтады. Оның ішінде 25 факті кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу және мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамағаны, 7 кәмелетке толмаған бұзақылық жасаған, 107 жасөспірім түнгі уақытта ойын – сауық орындарында заңды өкілдерінсіз, тұрғын үйден тыс жерде болған, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болуына 5 жол беру фактісі анықталды. Түнгі уақытта қоғамдық орындарда және көшелерде ата-анасының еріп жүруінсіз жүрген 105 жасөспірім ұсталды. Барлық құқық бұзушылармен профилактикалық әңгімелер жүргізіліп, олардың ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, Балқаш қаласында 29 - жастағы әйелге қатысты балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін хаттама толтырылды. Сонымен қатар, 17 - жасар ұлы түнгі уақытта көшеде заңды өкілсіз жүргені үшін сол қаланың 53 -жастағы тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды.