Қарағанды облысы Теміртау қаласының Шығыс полиция бөліміне 60 жастағы қала тұрғыны арызданған. Ол дәмханалардың бірінде болғанын айтты. Арызданушы 50 мың теңге қолма-қол ақша мен банк карталары бар әмиянды ұмытып, үстел басынан кетіп қалған. Қайтып келгенде, ол әмиянының жоқ екенін білді. Көп ұзамай ер адам банк шоттарынан 23 мың теңге көлеміндегі қаражаттың алынғаны туралы СМС хабарлама алған. Жедел-іздестіру және жедел іс-шаралар барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті – 32 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол кафеде тұтынушы ретінде де болғанын түсіндіріп, кінәсін мойындады. Үстел үстінде бөтен әмиянды байқаған ол сәтті пайдаланып, оны ұрлап кеткен. ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.