Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Октябрь полиция бөлімінің қызметкерлері екі жыл бойы мемлекетаралық іздеуде жүрген 26 жастағы азаматты ұстады. Ұсталған азамат Ресей Федерациясы Қылмыстық Кодексінің 288 быб, яғни лауазымды тұлғаның өкілеттілігін асыра пайдаланғаны үшін Краснодар өлкесінің Федералдық қылмыстық атқару қызметінен жасырынып жүргені белгілі болды. Оған қылмыстық кодекстің бабы бойынша бас бостандығынан айыру үкімі шығарылған болатын.
Сотты болған азамат үкім шыққан бетте қашып кеткен. Азаматқа 2021 жылы мемлекетаралық іздеу жарияланған. Азамат қарағандылық тәртіп сақшыларының назарына іліккенше екі жыл іздеуде болған.
Ұсталған азаматқа қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасы қабылданды. Ресей тарапына іздеудегі азаматтың ұсталғаны туралы хабарлама берілді.