Теміртау қалалық полиция басқармасына қарасты шығыс полиция бөліміне 24 жастағы қала тұрғынынан арыз түсті. Жәбірленуші азаматшаның жеке кәсіппен айналысатыны және қалада жуғыш заттарды сататын сауда орыны бары белгілі болды. Күндізгі уақытта белгісіз біреу сатушының жоқтығын пайдаланып, дүкеннің құлпын бұзып, дүкен ішінен саудадан түскен 40 мың теңге ақшаны алып кеткен. Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 34 жастағы азамат ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін берді. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.