Қарағандылық полицейлер есірткі жасырушыдан 54 орам психотроптық зат тәркіледі.

Қарағандылық полицейлер есірткі жасырушыдан 54 орам психотроптық зат тәркіледі.

Қарағанды қалалық полиция басқармасы есірткіге қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлерімен жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында психотроптық заттар сатумен айналысып жүр деген күдікпен 21 жастағы азамат ұсталды. Оған жүргізілген тінту жұмыстары барысында одан 52 орам ақ ұнтақ тәрізді заттар тәркіленді.Ұсталған азамат мойындау көрсетпе белгілерін беріп, бұған дейін есірткі жасырып кеткен жерді көрсетіп, ол жерден 2 орам тәркіленіп алынды.Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген 54 орам 36 гр. психотроптық зат екені анықталды.Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.