ІМ-де Қоғаммен серіктестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасының жобасы талқыланды

ІМ-де Қоғаммен серіктестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасының жобасы талқыланды

ІІМ-де ведомство жанындағы Қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Негізгі тақырып ішкі істер органдары мен жалпы кеңестің жұмысын қорытындылау, сондай-ақ Қоғаммен серіктестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасының жобасын талқылау болды, – деп хабарлайды @Polisia.kz сайтының тілшісі. Жиынға қатысушылар азаматтарды толғандыратын кейбір өзекті мәселелер бойынша өз сұрақтары мен ұсыныстарын айтты. Сондай-ақ қонақтар полиция қызметіндегі оң өзгерістерді атап өтті. Ішкі істер министрінің еліміздің түрлі өңірінде өткен халықпен есеп беру кездесулеріне қатысқан қоғам белсенділері ішкі істер органдарының ұйымдастырушылық жұмысы мен ашықтығына жоғары баға берді. Кеңес мүшелері – депутаттар, журналистер мен заңгерлер Тұжырымдаманың негізгі бағыттарымен танысты. Бұл құжат мемлекеттік органдардың, кәсіби полицияның және жауапкершілігі жоғары қоғамның өзара іс-қимылына негізделген. Тұжырымдама шеңберінде мемлекеттік органдар мен әкімдіктерді белсенді түрде осы іске тарту, барлық мүдделі тараптармен және азаматтармен әріптестік орнату, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздік мәселелері бойынша есептіліктің ашық жүйесін құру жоспарлануда. Бұдан басқа, онда полиция жұмысын трансформациялау, қағазбастылықтан қоғамның сұраныстарына бағдарланған модельге көшу жөніндегі шаралар бекітілетін болады.