Шахтинск қаласындағы дүкен әкімшісінің қызметтік бөлмесінен 500 мың теңге ұрлаған күдікті ұсталды.

Шахтинск қаласындағы дүкен әкімшісінің қызметтік бөлмесінен 500 мың теңге ұрлаған күдікті ұсталды.

Қарағанды облысы, Шахтинск қалалық полиция бөлімінің кезекші бөліміне 57 жастағы қала тұрғыны арызбен шағымданды. Жәбірленуші қалада жеке кәсіппен айналысып, сауда нүктесін ашқан. Сол күні сағат 15.00 шамасында оған тиесілі сауда нүктесінің әкімшісі қызметтік бөлмесінен бірнеше минутқа сыртқа шыққан. Азаматша сыртқа шыққанда бөлменің есігін жаппай кеткен. Қайтып жұмыс орынына келгенде белгісіз біреудің жұмыс үстелінде тұрған 500 мың теңгені алып кеткенін көрген. Қылмысты ашу бойынша криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 37 жастағы Теміртау қаласының тұрғыны ұсталды. Күдікті Теміртаудан Шахтинскке ұрлық жасауға келгені туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлерімен күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.