Қарағандылық полицейлер есірткі жасырушыдан 37 орам марихуана есірткі затын тәркіледі.

Қарағандылық полицейлер есірткі жасырушыдан 37 орам марихуана есірткі затын тәркіледі.

Қарағанды қалалық полиция басқармасы, есірткіге қарсы іс-қимыл бөлімі қызметкерлерімен жүргізілген жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Лобады көшесінің бойынан 31 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Ұсталған азамат әлеуметтік желідегі «жұмыс берушісінен» 30 орам марихуана есірткі заттарын алғанын мойындады. Есірткінің жартысын күдікті белгіленген жерлерге жасырып үлгерген. Ұсталғанға тексеріс жүргізу барысында одан 8 орам өсімдік тектес заттар тәркіленді. Сондай-ақ, күдіктінің көрсетуімен жасырылған жерлерден 13 орам есірткі тәркіленсе, тұрғылықты жерінен 16 орам есірткі алынды. Есірткі жасырушыдан шыққан ғасыр дертінің жалпы саны 37.
Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген заттар жалпы салмағы 85 гр. кептірілген марихуана есірткі заты екені белгілі болды. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 297 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.