Қарағандыда 16-18 қаңтар аралығында «Жаяу жүргінші» жедел-алдын алу іс-шарасы өтуде. Оның мақсаты-апаттылықты тұрақтандыру, жол қозғалысына қатысушылардың тәртібін арттыру және жаяу жүргіншілердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу. Іс-шараға 12 ведомство мен мекеме, оның ішінде 6 мемлекеттік емес ұйым тартылды. Оның аясында Қарағанды қаласының ПБ әкімшілік полиция бөлімінің қызметкерлері жолаушылар тасымалымен айналысатын ұйымдардың атап айтсақ «Таксокомбинат» ЖШС, № 2, 3, 5 автобус парктерінің жүргізуші құрамымен және басшылығымен профилактикалық кездесулер мен әңгімелер өткізді. Бұл ретте жолаушыларды тасымалдау ережелерін, жылдамдық режимін сақтауға ерекше назар аударылды. - «Жаяу жүргінші» ЖҚМ бірінші күні жол қозғалысы ережелерін бұзудың 297-сі анықталды. Оның ішінде жаяу жүргіншілердің және жол қозғалысының өзге де қатысушыларының жол жүру ережелерін бұзудың-49 , бағдаршамның тыйым салатын белгісіне жүру- 8, жаяу жүргіншіге жол бермеудің -7 фактісі анықталды. ЖПІШ барысында зардап шеккендермен және жаяу жүргіншінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы тіркелген жоқ. Айта кету керек, Қарағанды қаласының ПБ қызмет көрсететін аумағында 128 оқу орны оның ішінде 81 мектеп, 3 лицей, 30 колледж және 14 интернат орналасқан. Олармен жұмыс барысында Қарағанды қаласының ПБ аумақтық бөліністерінің ювеналдық полиция бөлімінің қызметкерлері кәмелетке толмағандардың қатысуымен және олардың кінәсінен жол-көлік оқиғаларына жол бермеу мақсатында алдын алу іс - шараларын жүргізу бойынша жұмыс топтары құрылды - деп хабарлады Қарағанды қаласының ПБ бастығы Шахназар Салин.