Қарағанды облысында автокөлік аударылып, жанып кетті

Қарағанды облысында автокөлік аударылып, жанып кетті

17 қыркүйек күні Қарағанды облысы Шет ауданында Ақой – Бұрма тас жолында 36 жастағы Toyota Land Cruiser автокөлігінің жүргізушісі алдын ала болжам бойынша көліктің басқаруына ие бола алмай, аударылып кеткен. Кейін автокөлік жанған. Жол көлік оқиғасы салдарынан көліктің жүргізушісі және 39 жастағы жолаушысы, Қарағанды облыстық Полиция департаменті Округтік әскери-дәрігерлік комиссиясының төрағасы Данияр Тұрбаев оқиға орнында қаза тапты. Аталған факті полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Данияр Тұрбаев әскери-дәрігерлік комиссия төрағасы лауазымында 2015 жылдың қазан айынан бастап қызмет атқарған. 2006 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина академиясын тәмәмдаған. Төрт баласы бар. Қарағанды облыстық Полиция департаментінің басшылығы, ардагерлер кеңесі және жеке құрамы Данияр Тұрбаевтың мезгілсіз қайтыс болуына байланысты отбасы, туған-туыстарының қайғысына ортақтасып көңіл айтады.