Капиталды өсіреміз деген желеумен алаяқ теміртаулықтарды алдап кеткен

Капиталды өсіреміз деген желеумен алаяқ теміртаулықтарды алдап кеткен

2 қыркүйекте Қарағанды облысының Теміртау қаласы ПБ Ескіқалалық полиция бөліміне қала тұрғындарынан – 31 жастағы ер адамнан және 36 жастағы әйелден өтініш түсті. Олар алаяқтың әрекеттерінің құрбаны болған екен. Жәбірленушілер әлеуметтік желілерде “Қазір өз жинақ ақшаңды тиімді іске сал және бір айдан кейін салынған инвестициялардың екі еселенуін аласың” деген қызықты ұсыныс тапқан. Олар өзін ірі сауда компаниясының директоры ретінде таныстырған жарнаманың авторымен байланысқа шыққан. Ол жарқын перспективалар, инвестицияланған капиталды тез қайтару туралы сенімді түрде айтқан. Өтініш берушілер “директорға” өздерінің барлық жинақтарын берген: тиісінше 1,2 млн теңге және 935 мың теңге. Бір жылдан астам уақыт өткен, бірақ жәбірленушілер уәде етілген пайданы алмаған. Сонымен қатар, инвестицияланған капиталды сақтау туралы мәселе туындаған, ал компанияның “директоры” байланысты тоқтатқан. Жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті ретінде 36 жастағы әйелді ұстады. Ол мойындау айғақтарын берді. ҚР ҚК 190-бабы “Алаяқтық” бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі уақытта полиция күдіктінің басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.