Қарағандыда қонақтың ақшасын ұрлап кеткен

Қарағандыда қонақтың ақшасын ұрлап кеткен

11 қазанда 43 жастағы қала тұрғынынан Қарағанды қаласы ПБ Октябрь полиция бөліміне арыз түсті. Әйел белгілі бір азаматтың одан 40 мың теңге ұрлағанын айтты. Ұрлық жәбірленуші қонақта болып, алкогольдік ішімдік ішкен кезде болған.  ҚР ҚК 188 -бабы «Ұрлық» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

19 қазанда жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті-54 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол  кінәсін мойындады. Қазір тергеу жүріп жатыр.