Қарағанды облысында "Браконьер " ЖАШ өткізіледі

Қарағанды облысында "Браконьер " ЖАШ өткізіледі

20 қазанда Қарағанды облысы аумағында 19 қарашаға дейін жалғасатын «Браконьер» жедел -профилактикалық іс -шарасы басталды. Оның міндеті - экологиялық заңнаманың бұзылуын, биологиялық ресурстардың объектілері мен өнімдерінің заңсыз айналымын анықтау, жолын кесу, экологиялық қылмыстарды ашу.

Мәселен, жыл басынан бері облыстың ПД аумақтық бөлімшелерінде экологиялық заңнаманың 61 бұзушылықтары тіркелді, онда қылмыстық құқық бұзушылық белгілері болды. Полицейлер жедел іс -шаралар барысында 14 моторлы қайық, төрт ұңғылы мылтық,  278 ақбөкен мүйізі, тоғыз тоннадан астам балық, 140 км қытайлық торды тәркіледі.

Сондай -ақ осы кезеңде 1025 әкімшілік іс қозғалды. Оның ішінде аңшылық ережесін бұзу - 474 факт, балық аулау ережесін бұзу - 551 факт. 9 млн 671 мың теңге айыппұл салынып,  3 млн 575 мың теңге өндірілді.