Жезқазғанда дүкен сатушысы кассадан 600 мың теңгені ұрлап кеткен

Жезқазғанда дүкен сатушысы кассадан 600 мың теңгені ұрлап кеткен

18 қазанда 39 жастағы қала тұрғыны Қарағанды облысы, Жезқазған қаласының ПБ-на жүгінді. Ол өзінің жеке кәсіппен айналысатынын және дүкені бар екенін жеткізді.  Күнделікті саудадан түскен ақшаны есептеу кезінде  кассадан 600 мың теңге жоғалып кеткенін анықтаған.

Полиция дүкеннің 33 жастағы сатушысының қаражатты ұрлағанын анықтады. Күдікті  тез арада ақша қажет болғандықтан осындай қадамға барғанын айтты.

ҚР ҚК 188 -бабы «Ұрлық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.