Абайда есірткі сатушы ұсталды

Абайда есірткі сатушы ұсталды

14 қазанда Қарағанды облысы Абай ауданының ПБ есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері Абай қаласында жедел іс-шаралар өткізді. Сағат 17.00 шамасында полицейлер үйлердің бірінің маңында 38 жастағы ер адамды ұстады. Тексеру кезінде тәртіп сақшылары оның қолындағы ақ түсті  зат салынған сөмкені алды. Ұсталған адам есірткіні  таратумен айналысқанын мойындады.

Полиция ҚР Қылмыстық кодексінің 297 -бабы «Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды және олардың аналогтарын өткізу, жіберу немесе өткізу мақсатында заңсыз дайындау, өңдеу, алу, сақтау, тасымалдау» бойынша қылмыстық іс қозғады.

Тергеу барысында күдікті есірткі жасырған  сегіз құпия жерді  көрсетті. Олардың барлығы тәркіленіп. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.