Қарағандыдағы оқу орнынан ноутбук ұрлаған ұры ұсталды

Қарағандыдағы оқу орнынан ноутбук ұрлаған ұры ұсталды
4 қазанда Қарағанды қаласының ПБ Теміржол полиция бөліміне,білім беру мекемелерінің бірінде белгісіз біреу сыныптан ноутбукты ұрлап кеткені туралы хабарлама түсті. Келтірілген шығын көлемі 200 мың теңгені құрады.
Полиция қызметкерлері күдікті-24 жастағы жігітті анықтап, ұстады. Ол қылмысын мойындады.
ҚР ҚК 188 -бабы «Ұрлық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.