Сәтбаев қаласында несие рәсімдеуге көмектесемін деген делдал 1 миллион теңге алып жоғалып кеткен

Сәтбаев қаласында несие рәсімдеуге көмектесемін деген делдал 1 миллион теңге алып жоғалып кеткен
15 сәуір күні Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық полиция бөліміне 25 жастағы қала тұрғынынан арыз түсті. Жәбірленуші полиция қызмектерлеріне осыдан төрт ай бұрын, өзіне жақын таныс емес азамат несие рәсімдеп беруге көмектесемін деп ұсыныс білдірген. Алайда бұл жұмысы тегін болмаған. Кейін, несие рәсімдеуге көмектеспекші болған «делдал» банктен жәбірленушіге беремін деп 1 миллион теңге ақша алып, ізін суытқан. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.17 мамыр күні криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жан-жақты жедел алдын алу іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 29 жастағы азамат ұсталып, мойындау көрсетпе белгілерін берді. Тергеу амалдары жүргізілуде.