Полицейлер ұрланған көлікті Теміртау қаласының тұрғынына қайтарып берді

Полицейлер ұрланған көлікті Теміртау қаласының тұрғынына қайтарып берді

16 маусымда Қарағанды ​​облысы Теміртау қаласының ПБ Ескіқалалық полиция бөліміне 43 жастағы қала тұрғынынан арыз түсті. Ер адам белгісіз біреудің түнде көп қабатты үйдің ауласында тұрған Mercedes Benz автокөлігін ұрлағанын түсіндірді. Келтірілген шығын мөлшері 1 миллион 400 мың теңгені құрайды. Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша қылмыстық іс қозғалды.18 маусымда жедел-іздестіру шаралары барысында полиция күдікті - 24 жастағы жас жігітті анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындап,ұрланған көлік тәркіленіп, жәбірленушіге қайтарылды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.