Қарағанды облысында тұрғындардан заңсыз сақталған атыс қаруы мен оқ-дәріні сатып алу акциясы басталды.

Қарағанды облысында тұрғындардан заңсыз сақталған атыс қаруы мен оқ-дәріні сатып алу акциясы басталды.

20 сәуірде Қарағанды ​​облысының аумағында тұрғындардан заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды сатып алу акциясы басталады. Бұл акция жыл сайын өткізіліп тұрады.Облыс тұрғындары өтеулі негізде қалған мұраны немесе тауып алған қаруды тапсырады. Өз еркімен тапсырылған мылтық үшін сыйақы оның түріне байланысты 100 айлық есептік көрсеткішке дейін, шамамен 290 мың теңге төленеді.Өз еркімен қару тапсырған тұрғындар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.

- Қару-жарақтарын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды ақшалай сыйақыға тапсыруға ниет білдірген азаматтар полиция бөліміне жүгіне алады. Акция Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес жүзеге асырылады, - деді Октябрь полиция бөлімінің бастығы Сәкен Игембеков.