Қарағандылық полицейлер қала тұрғынын ұрлап әкеткен қаскөйлерді қолға түсірді

Қарағандылық полицейлер қала тұрғынын ұрлап әкеткен қаскөйлерді қолға түсірді

21 ақпан күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Михайлов полиция бөліміне белгісіз біреулердің “Тойота” автокөлігіне 34 жастағы азаматты күштеп мінгізіп, белгісіз жаққа алып кеткені туралы хабарлама түсті. Санаулы уақыт ішінде оқиға орнына Қарағанды қалалық Полиция басқармасы патрульдік полиция полкінің жақын маңдағы нарядтары жұмылдырылды. Көп уақыт өтпей қырағы полицейлер қала көшелерінің бірінен бағдардағы көлікке ұқсас көлікті байқаған. Олар аталған көлікті ұстады. Көлікте 25 және 33 жастағы екі азамат және көлікке күштеп салып алынған адам болған. Ұсталғандардың айтуы бойынша, жәбірленуші оларға ақша қарыз болған. Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 125-бабына (Адамды ұрлау) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.