Қарағанды облыстық Полиция департаментінде сервистік полиция жұмыс тобының мүшелерін марапаттау салтанаты өтті

Қарағанды облыстық Полиция департаментінде сервистік полиция жұмыс тобының мүшелерін марапаттау салтанаты өтті

Қарағанды облыстық Полиция департаментінде сервистік полиция жұмыс тобының мүшелеріне Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің грамотасы табысталды.   -Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен былтырғы жылы Қазақстанда сервистік полиция бойынша жаңадан пилоттық жоба енгізілген болатын. Аталған жоба Республикамыздың үш қаласы-Алматы, Көкшетау және Қарағандыда енгізілді. Жұмыс тобының құрамына тек құқық қорғау органының қызметкерлері ғана емес, денсаулық сақтау, білім басқармасы және әлеуметтік қорғау саласының мамандары енген болатын. Олардың міндеті қалалардағы әлеуметтік мәселелерді зерделеу және азаматтарға жалпылама көмек көрсету. Олар полиция қызметкерлерімен қоса Қарағандыдағы криминогендік ахауалмен қоса, қала тұрғындарының күнделікті өмірде кезедесетін проблемалық мәселелеріне талдау жүргізді. Сервистік полиция пилоттық жобасы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен сәтті деп танылды. Қазіргі уақытта бұл жобаны республикамыздың барлық өңірлеріне енгізу сұрақтары қаралуда. Осы жоба аясында жұмыс жасаған барлық жұмыс тобының мүшелерін қоян-қолтық атқарған жұмыстарыңыз үшін алғыс білдіруге рұқсат етіңіздер,-деді өз сөзінде Қарағанды облыстық Полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин. Құттыұтау сөзінен кейін, полиция полковнигі Ерлан Файзуллин Ішкі істер министрінің атынан  жобаны енгізуде еңбек еткен жұмыс тобының он адамына Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің грамотасы табыстады.