Қарағанды облысында «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасын қорытындылады

Қарағанды облысында «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасын қорытындылады

Қарағанды облыстық Полиция департаментінде ақпан айының 17 мен 19 аралығында өткен «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасын қорытындылады. Аталған акцияға көлік бақылау инспекциясы, облыстық әкімдік, «ҚазАвтоЖол», «Қазавтодор» және еріктілер мен қоғамдық ұйым өкілдері тартылды. Шараның мақсаты жүргізушілер арасында көліктік тәртіпті сақтау, жол көлік оқиғаларының санын азайту және қарапайым жол жүру ережелерін сақтауға шақыру.  Жедел алдын алу іс-шарасы барысында полиция қызметкерлерімен 3640 жол жүру ережесін бұзу фактілері анықталды. Мәселен көлікті ішімдік ішкен күйде басқарғаны үшін 24 көлік жүргізуші анықталса, қауіпсіздік белдігін тақпаған 279, көлікте ұялы телефонмен отырған 199 жүргізуші анықталды. Сондай-ақ, жаяу жүргіншілердің тарапынан 403 құқық бұзушылық, ал қоғамдық көліктер тарапынан 9 құқық бұзушылық анықталды. Заңсыз жолаушылар тасмалдау бойынша 8 хаттама толтырылып, айып тұрағына 23 автокөлік қойылды.