11 қаңтарда Қарағанды қаласының ПБ Оңтүстік-шығыс полиция бөліміне бір ЖШС-тен хабарлама келіп түсіп, белгісіз біреу күн батареялары бар жол стробоскопын ұрлап кеткені туралы айтып шағымданды. Бұл құрылғы жол бойына ескерту белгісі ретінде орнатылған. Келтірілген шығын 130 мың теңгені құрайды. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. 14 қаңтарда жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті - 30 жастағы ер адамды ұстады. Ол кінәсін мойындап, айғақты заттар алынды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.