Күш пен шеберлік сынға түскен бәсеке: Қарағандыда күштік құрылымдардың үздіктері анықталды

Күш пен шеберлік сынға түскен бәсеке: Қарағандыда күштік құрылымдардың үздіктері анықталды

Күш пен шеберлік сынға түскен бәсеке: Қарағандыда күштік құрылымдардың үздіктері анықталды. Қарағандыдағы «Арлан» спорт кешенінде құқық қорғау органдары мен күштік құрылымдар қызметкерлері арасында қоян-қолтық ұрыстан облыстық біріншілік өтті. Жарысқа 9 ведомстволық команданың құрамында 57 спортшы қатысып, әр салмақ дәрежесінде үздіктерді анықтады. Олардың қатарында облыстық прокуратура, ҚР ҰҚКД, Б. Бейсенов атындағы ҚР ІІМ академиясы, ТЖД, «Арлан» және жедел қимылдайтын арнайы жасақ бөлімшелері, сондай-ақ қалалық және аудандық полиция бөлімдері мен басқармаларының қызметкерлері бар. Жарыс барысында қатысушылардан жоғары деңгейдегі дене дайындығы, шапшаңдық, төзімділік пен тактикалық шеберлік талап етілді. Әр жекпе-жекте спортшылар өздерінің кәсіби және спорттық дайындығын көрсетті. 57 келіге дейін: 1-орын Ермекбайұлы Әділ (ВКС); 2-орын Шәйкен Абылай (СОБР); 3-орын Нүрпейіс Сабыржан (СОБР), Мұхтар Серік (ЦКС). 62 келіге дейін: 1-орын Баккожин Нурхан (СОБР); 2-орын Жаппаров Темир (ТЖД); 3-орын Сахиев Төлебек (Теміртау қ. ПБ), Бакыт Нурсултан (ТЖД). 67 келіге дейін: 1-орын Ақылбеков Жарас (Бұқар жырау ауданының ПБ); 2-орын Бекен Марғұлан (СОБР); 3-орын Бошақ Бүркіт (СОБР), Еркебаев Есей (ППП). 73 келіге дейін: 1-орын Төлеухан Ниетхан («Арлан» УТВ); 2-орын Дәулетбаев Таир (Нұра ауданының ПБ); 3-орын Тойғамбеков Санжар (СОБР), Рахат Ернияз (Күзет взводы). 80 келіге дейін: 1-орын Жұмабеков Жарас («Арлан» УТВ); 2-орынМұхтаров Мадияр (Теміртау қ. ПБ)
3-орын Есбусинов Жақбек (СОБР), Сүндөтбаев Амангелді (СОБР); 88 келіге дейін: 1-орын Рымқұлов Нұрсұлтан (СОБР); 2-орын Қуантаулы Бекжан («Арлан» УТВ); 3-орын Қуаныш Заманбек (СОБР), Измұхатов Шыңғыс (СОБР). 97 келіге дейін: 1-орын Медеуов Әділет (СОБР); 2-орын Қарабаев Наби (Қазыбек би атындағы ПБ); 3-орын Нұрғазин Әділет (СОБР), Оспанов Темірлан (СОБР). 97 келіден жоғары: 1-орын Дюсембин Ерсұлтан (СОБР); 2-орын Шаймерден Нұрхан (Нұра ауданының ПБ); 3-орын Ерғалиев Артур (Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімі), Шарапатов Еркін (СОБР). Жарыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен спортшылар медальдармен, кубоктармен, Құрмет грамоталарымен және естелік бағалы сыйлықтармен марапатталды. Мұндай жарыстар қызметкерлердің дене дайындығын жетілдіріп қана қоймай, жауынгерлік рухын нығайтып, кәсіби шеберлігін арттыруға мүмкіндік береді.