
Қарағандыда велосипед ұрлаған күдікті бейнебақылау камерасының көмегімен анықталды. Қарағандыда 62 жастағы зейнеткердің кіреберістен велосипеді ұрланған. Полиция қызметкерлері қылмысты жедел ашып, күдіктінің жеке басын бейнебақылау камераларының жазбалары арқылы анықтады. Оқиға бойынша полицияға хабарлама келіп түскеннен кейін жедел-тергеу тобы дереу жұмысқа кірісті. Тергеу барысында ұрлық жасалған уақыт пен мән-жайлар бейнебақылау камераларындағы жазбалар арқылы анықталды. Бейнематериалдарды мұқият зерделеу нәтижесінде полицейлер күдікке көршілес үйде тұратын 26 жастағы ер адамды алды. Жедел іс-шаралар барысында оның тұрғылықты мекенжайы анықталып, полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Полицейлер ұсынған бейнежазбадағы дәлелдерден кейін жас жігіт өз кінәсін мойындады. Ол ұрланған велосипедті өз еркімен полицияға тапсырды. Велосипед қылмыстық іс бойынша заттай дәлелдеме ретінде тіркелді. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.