Қарағандыда жүздеген түп қарасора өсірген ірі есірткі алқабы анықталды

Қарағандыда жүздеген түп қарасора өсірген ірі есірткі алқабы анықталды

Қарағанды облысында «Қарасора-2026» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында ірі есірткі алқабының жолы кесілді. Заңсыз қарасора өсіру фактісін Шахтинск қаласының есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері анықтады. Жедел іс-шаралар барысында полицейлер Қарағанды қаласының шеткері ауданындағы жеке тұрғын үйлердің бірінің ауласынан арнайы жабдықталған есірткі алқабын тапты. Тергеу мәліметіне сәйкес, 39 жастағы үй иесі тыйым салынған өсімдіктерді жүйелі түрде өсіріп, оларды күтіп-баптаумен айналысқан. Тінту барысында оның үй аумағынан 543 түп жайқалып өскен қарасора, гаражда сақталған өткен жылғы өнімнен қалған 54 түп кептірілген марихуана, сондай-ақ есірткі заттарын тұтынуға арналған арнайы құралдар тәркіленді. Алдын ала мәліметтер бойынша, күдікті қарасораны ұзақ уақыт бойы өсіріп келген. Алайда ұсталған сәтте ол өз әрекетін «жеке пайдалану үшін өсірдім» деген уәжбен түсіндіруге тырысқан. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер заңсыз өсірілген есірткі өсімдіктерінің айналымға түсу арналары мен күдіктінің өзге де құқық бұзушылықтарға қатыстылығын анықтауда.