Қарағандыда алтын бұйымдарды ұрлаған күдікті ұсталды

Қарағандыда алтын бұйымдарды ұрлаған күдікті ұсталды

Қарағандыда алтын бұйымдарды ұрлаған күдікті ұсталды. Қарағанды қаласында полицейлер алтын бұйымдарды ұрлады деген күдікпен 36 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, күдікті аса батыл әрі айлакер әрекет еткен. Ол зергерлік дүкен қызметкерлерінің назарын басқа жаққа аудару тәсілін пайдаланып, үш рет бағалы әшекейлерді қолды қылған. Келтірілген жалпы шығын 263 мың теңгені құрайды. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті ұсталып, ұрланған алтын бұйымдардың барлығы заттай дәлелдеме ретінде тәркіленді. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында оның бұрын жасалған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.