Қарағандыда қылмыс жасаған күдікті жолаушы ұсталды

Қарағандыда қылмыс жасаған күдікті жолаушы ұсталды

Қарағандыда қылмыс жасаған күдікті жолаушы ұсталды. Қарағанды қаласындағы сауда орталықтарының бірінде ұрлық оқиғасы орын алды. Белгілі бутиктердің бірінен қымбат ноутбук жоғалып кеткен. Алдын ала мәлімет бойынша 29 жастағы дүкен иесіне келтірілген шығын көлемі 196 мың теңгені құрады. Полиция қызметкерлерінің қырағылы мен үйлесімді іс-әрекеттері күдіктінің ізіне түсіп, оны теміржол вокзалында қолға түсіруге мүмкіндік берді. Анықталғандай, 24 жастағы елорда тұрғыны қашып үлгермек болған. Полицейлердің жедел іс-қимылының нәтижесінде ноутбук заттай дәлелдеме ретінде тәркіленді. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ күдіктінің бұған дейін жасалған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.