
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылғы 20 сәуірден бастап Қарағанды облысының аумағында халықтан заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды сатып алу бойынша кезекті акция өткізіледі. Акция өткізу кезеңінде қару-жарақты ерікті түрде тапсырғаны үшін қарудың техникалық жай-күйіне байланысты әрбір қару бірлігіне 10-нан 100 айлық есептік көрсеткішке дейін төлем көзделген. Қару-жарақты ақшалай сыйақыға тапсыруға ниет білдірген азаматтар Қарағанды облысының кез келген полиция бөліміне өтінішпен жүгіне алады. Осыған байланысты азаматтарға заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды ерікті түрде тапсырған кезде әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктен босатылу мүмкіндігі берілген. Қарағанды облысы Полиция департаменті аталған акцияға облыс тұрғындарының түсіністікпен қарап, белсенді қатысады деген сенім білдіреді.