ІІМ Қарағанды облысында бір топ адамның қылмыстық әрекетінің жолын кесті

ІІМ Қарағанды облысында бір топ адамның қылмыстық әрекетінің жолын кесті

ІІМ Қарағанды облысында бір топ адамның қылмыстық әрекетінің жолын кесті. Ішкі істер органдары елдегі қоғамдық қауіпсіздік пен тұрақтылыққа қатер төндіретін құқыққа қарсы әрекеттерді анықтау және жолын кесу бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда. Қарағанды облысында полиция өңірдегі криминогендік ахуалға кері әсер еткен топтың қызметін тоқтатуға бағытталған жедел-тергеу іс-шараларының кешенін жүргізді. Жедел әзірлеме барысында топ мүшелерінің бірі спорт саласындағы беделін пайдаланып, спортты қолдау және дамыту деген сылтаумен жастарды ауыр және аса ауыр қылмыстар жасауға тартқаны анықталды. Ұрлық, бопсалау, алаяқтық және тонау фактілері бойынша алты қылмыстық іс қозғалды. Қабылданған шаралар мен жедел әрекеттер нәтижесінде 20 адам ұсталды. 47 санкцияланған тінту жүргізіліп, заңсыз айналымнан атыс және суық қарулар, оқ-дәрілер, автокөліктер, ірі көлемде ақша, оның ішінде шетел валютасы, сондай-ақ қылмыстық істер үшін маңызы бар өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді. Топтың заңсыз әрекеті өздерінің қылмыстық ықпалын кеңейтуге, соның ішінде жастарды тартуға және зорлық-зомбылық қылмыстарын жасауға бағытталған.
Ұсталғандардың басқа да қылмыстарға қатысы бар жоғы тексерілуде. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.