
Күш, мергендік және дәстүр: Қарағанды облысының ПД командасы мемлекеттік қызметшілер спартакиадасында үздік атанды. Қарағанды облысы Полиция департаментінің командасы ұлттық спорт түрлерінен өткен ауқымды жарыста жоғары дайындық пен жеңіске деген жігерін айқын көрсетті. Турнирді өңірлік Мемлекеттік қызмет істері агенттігі ұйымдастырып, Ұлттық спорт ойындары күніне орай өткізді. Үздік атану үшін түрлі мемлекеттік органдардың атынан қатысқан 22 команда бақ сынасты. Жарыс бағдарламасына дене күшімен қатар стратегиялық ойлауды талап ететін алты негізгі спорт түрі енгізілді: Садақ ату; Арқан тарту; Тоғызқұмалақ; Асық ату; Қол күресі; Гір көтеру. Қатаң бәсеке мен тартысты дода жағдайында Полиция департаментінің қызметкерлері жоғары ұйымшылдық пен шеберлік танытты. Барлық кезеңдердің қорытындысы бойынша Қарағанды облысының ПД құрамасы бірінші орынды иеленіп, құқық тәртібін қамтамасыз ететін ең мықты әрі дайындығы жоғары команда екенін дәлелдеді. Әріптестерімізді лайықты жеңісімен құттықтаймыз!