Полиция майоры Наурызбай Тасқынбай: Қызмет пен жауапкершілік

Полиция майоры Наурызбай Тасқынбай: Қызмет пен жауапкершілік

Полиция майоры Наурызбай Тасқынбай: Қызмет пен жауапкершілік. 19 наурызда дүниеге келген Наурызбай Тасқынбай үшін оның есімі — көктемгі жаңару мен жарқын болашақтың символы. Ә. Бөкейхан атындағы полиция бөлімінде қызмет ететін майор үшін әділдік пен жауапкершілік басты құндылыққа айналды. 2015 жылы Б. Бейсенов атындағы Академияны тәмамдаған соң, еңбек жолын Октябрь полиция бөлімінде учаскелік инспектор болып бастады. Тәжірибелі тәлімгер Еркебұлан Бакировтың қолдауымен күрделі учаскеде шыңдалып, білікті маман атанды.  Соңғы үш жылда аға учаскелік инспектор ретінде пункт жұмысын үйлестіреді. Оның жұмыс күні таңертең учаскені аралаудан басталып, түнгі бақылаумен аяқталады. Тұрғындардың тыныштығы үшін мереке мен демалысқа қарамастан қызмет басында жүреді. «Бұл — күнделікті жұмыс, бірақ оның артында халықтың қауіпсіздігі тұр», — дейді майор. Үйіне балалары ұйықтағанда оралса да, ол бұл жолды қатардағы жұмыс емес, өмірлік миссия деп біледі.