Полицияның «алтын отбасылары»: Ұрпақтар сабақтастығы
Қарағанды облысы ПД-де 50 жылдан астам отасқан және құқық қорғау саласына еңбек сіңірген ардагер отбасылармен кездесу өтті. Кеш кейіпкерлері: Мациевскийлер, Саитғалиндер, Нечаевтар және Ахметовтар әулеті. Төрт отбасының асыл аналары ұзақ жылдар бойы кәмелетке толмағандармен жұмыс істеп, жас ұрпақ тәрбиесіне үлес қосса, отағасылары ел тыныштығы жолында абыройлы қызмет атқарған. ПД бастығының орынбасары Даурен Ибраев ардагерлерді Наурыз мейрамымен құттықтап, Алғыс хаттар мен сыйлықтар табыстады. Ардагерлер жас мамандарға бақытты отбасы мен табысты қызметтің