Қарағанды облысында стратегиялық нысандардың қауіпсіздігін күшейту мәселесі талқыланды

Қарағанды облысында стратегиялық нысандардың қауіпсіздігін күшейту мәселесі талқыланды

Қарағанды облысында стратегиялық нысандардың қауіпсіздігін күшейту мәселесі талқыланды

Қарағанды облысы Полиция департаментінде күзет құрылымдарының күшімен тіршілікті қамтамасыз ету нысандары мен көлік инфрақұрылымының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті. Кездесуге Полиция департаментінің мүдделі қызметтерінің өкілдері, сондай-ақ облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы мен Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының қызметкерлері қатысты. Инфрақұрылымның негізгі нысандарының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету – әлеуметтік тұрақтылыққа, экономикалық әл-ауқатқа және қоғамдық қауіпсіздікке тікелей әсер ететін мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Терроризм тұрғысынан осал болуы мүмкін бұл нысандар олардың қорғалу шараларына ерекше назар аударуды талап етеді. – Мұндай нысандарды күзетуде Мемлекеттік күзет қызметі басқармасының бөлімшелері мен жеке күзет ұйымдары негізгі рөл атқарады. Олар заңнамалық талаптарды қатаң сақтап, қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз етуі тиіс, – деп атап өтті кеңесті ашқан Қарағанды облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Жасқайрат Каиров. Күзет қызметкерлерінің тиісті кәсіби даярлығының болмауы, бекітілген хаттамалар мен іс-қимыл алгоритмдерін білмеуі ауыр салдарға, соның ішінде азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруге және құқыққа қарсы әрекеттердің жасалуына алғышарттар туғызуы мүмкін. Нысандарды сенімді қорғау тек заңнаманы қатаң сақтау, кадрлардың жоғары кәсіби дайындығы және ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тиімді ұйымдастырылуы арқылы ғана мүмкін. Тіршілікті қамтамасыз ету нысандарының, көлік инфрақұрылымының және мұнай-газ саласы объектілерінің қауіпсіздігін сапалы қамтамасыз ету үшін ПД бастығының орынбасары бірқатар нақты шараларды ұсынды. Атап айтқанда, төтенше қызметтердің өзекті деректер базасын қалыптастыру, полициямен, ТЖД және денсаулық сақтау органдарымен тұрақты байланыс орнату, ықтимал қауіптер туралы жедел ақпарат алмасу, төтенше жағдайлар кезіндегі нақты іс-қимыл алгоритмдерін белгілеу, бірлескен оқу-жаттығуларды тұрақты өткізу, сондай-ақ бейнебақылау, дабыл және байланыс жүйелерінің жұмысқа қабілеттілігін жүйелі түрде тексеру. Анықталған бұзушылықтар мен қауіптер туралы уәкілетті органдарды уақытылы хабардар ету де осы шаралар кешенінің ажырамас бөлігі болып табылады.