Қарсы жолаққа шыққан жүргізуші: іс сотқа жолданды

Қарсы жолаққа шыққан жүргізуші: іс сотқа жолданды

Қарсы жолаққа шыққан жүргізуші: іс сотқа жолданды

17 ақпан күні таңғы сағат 08:00 шамасында республикалық маңызы бар автожол (Спасск тасжолы) бойында жол қозғалысы ережесін өрескел бұзу дерегі тіркелді. Chevrolet Monza автокөлігін басқарған 40 жастағы жүргізуші Атамекен кенті жағынан Қарағанды қаласына қарай бағыт алып келе жатып, қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына заңсыз шыққан. Аталған құқық бұзушылықты патрульдік полиция батальонының қызметкерлері анықтады. Қарағанды облысы Полиция департаменті патрульдік полиция батальонының командирі Медет Нұрмұхановтың мәліметінше, жүргізушіге қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 596-бабының 3-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды. Жүргізуші куәлігі тәркіленіп, материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданды. Қарағанды облысы Полиция департаменті қарсы жолаққа шығу – жол қозғалысы қағидаларын өрескел бұзу екенін және мұндай әрекет жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіретінін атап өтеді. Құқық бұзушылықтардың алдын алу – басты міндет. Заң талаптарын елемеген әрбір дерекке қатаң түрде шара қолданылатын болады.