Қарағанды облысы ПД-ның консультативтік органы даму жолдарын айқындады

Қарағанды облысы ПД-ның консультативтік органы даму жолдарын айқындады

Қарағанды облысы ПД-ның консультативтік органы даму жолдарын айқындады
Қарағанды облысының Полиция департаментінде Консультативтік-кеңесші органның 2026 жылғы алғашқы отырысы өтті. Полиция мен қоғам арасындағы өзара байланысты нығайтуға бағытталған бұл орган өткен жылдың қорытындыларын шығарып, алдағы кезеңге арналған қызметтің басым бағыттарын белгіледі. Сондай-ақ өңірдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүргізілетін жұмыстың тиімділігін арттыруға негіз қалады. Отырыс барысында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын талқылауға ерекше назар аударылды. Фейктердің, жалған ақпараттар мен арандатушылық сипаттағы жарияланымдардың таралу қаупі артып отырған қазіргі жағдайда қатысушылар халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және түсіндіру жұмыстарын күшейтудің маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар жалған ақпаратқа ден қою кезінде және оны таратқан тұлғаларды жауапкершілікке тартуда «Заң және Тәртіп» қағидатын қатаң сақтау қажеттігі баса айтылды. Бұдан бөлек, қылмысқа қарсы күресті күшейту және киберқауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін кеңінен қолдану мәселесіне ерекше мән берілді. Бұл бағыт полиция қызметін дамытудың заманауи талаптарына толық сәйкес келетіні атап өтілді. Стратегиялық мәселелермен қатар Консультативтік-кеңесші орган мүшелері Полиция департаментінің түрлі қызметтері мен бөліністері тап болып отырған өзекті мәселелерді жан-жақты талқылады. Ашық әрі сындарлы пікір алмасу нақты әрі тиімді шешімдер әзірлеуге мүмкіндік берді. Іс-шара қорытындысы бойынша облыстың Полиция департаменті бөліністерінің жедел-қызметтік жұмысын жетілдіруге бағытталған нақты ұсынымдар әзірленді. Бұл ұсынымдарды іске асыру қылмысқа қарсы күрестің тиімділігін арттырып, азаматтардың полиция органдарына деген сенімін нығайтуға және өңірдегі қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпал етеді.