Қарағандыда аккумуляторлар мен дүкен кассаларын ұрлаумен айналысқан күдікті ұсталды

Қарағандыда аккумуляторлар мен дүкен кассаларын ұрлаумен айналысқан күдікті ұсталды

Қарағандыда аккумуляторлар мен дүкен кассаларын ұрлаумен айналысқан күдікті ұсталды
Қарағанды қаласы Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бірқатар ұрлық жасады деген күдікпен қала тұрғынын ұстады.
Ұстау кезінде 29 жастағы күдіктіден жүк автокөлігінен ұрланған болуы мүмкін екі аккумулятор тәркіленді. Тергеу барысында ол парк аумағында тұрған жүк көлігінен аккумуляторларды ұрлағанын, сондай-ақ қаладағы дүкендердің бірінің кассасынан ақшалай қаражатты заңсыз иемденгенін мойындады. Алдын ала мәліметтерге сәйкес жүк көлігінің жүргізушісіне келтірілген материалдық шығын 460 мың теңгені, ал дүкенге келтірілген шығын 176 мың теңгені құрады.
Аталған фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта полиция күдіктінің бұрын жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын тексеруде. Тергеу амалдары жалғасуда.