Қарағандының қақаған аязы да тосқауыл емес: полицейлер тоңып қалған жолаушыларға араша түсті

Қарағандының қақаған аязы да тосқауыл емес: полицейлер тоңып қалған жолаушыларға араша түсті

Қарағандының қақаған аязы да тосқауыл емес: полицейлер тоңып қалған жолаушыларға араша түсті.

Қарағанды өңірін шарпыған сақылдаған сары аяз табиғаттың қатал мінезін тағы бір мәрте танытты. Техника да, адам да сынға түскен осы сәтте «Астана – Қарағанды – Алматы» бағытымен Шымкентке бет алған жолаушылар автобусы жол үстінде тосын жағдайға тап болды.
Трассаның 530-шақырымында, Қарағанды облысы Полиция департаментінің патрульдік полиция батальоны қызмет көрсететін аумақта тәртіп сақшылары қақаған аяздан қозғалыссыз қалған автобусты байқады. Қатты суықтың салдарынан дизель отыны қатып, көлік әрі қарай жүре алмай қалған. Салонда үш бала бар, барлығы 13 жолаушы үміт пен үрей қатар сезінген күйде көмек күтті. Жағдайды дереу бағамдаған полиция қызметкерлері уақыт оздырмай әрекет етті. Тоңып қалған азаматтар қауіпсіз жерге көшіріліп, олар жолай өтіп бара жатқан, оңтүстік астанаға бет алған басқа автобусқа отырғызылды. Уақтылы әрі кәсіби көрсетілген көмектің арқасында жолаушылар сапарын жылы ортада, аман-есен жалғастырды. Бұл оқиға Қарағанды полициясының кез келген ауа райы жағдайында азаматтардың өмірі мен қауіпсіздігін бірінші орынға қоя отырып, жедел әрі жауапты қызмет етуге әрдайым дайын екенін айқын көрсетті.